Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланған компаниялар 14 млрд теңге төлейді

267 рет қаралды

Сурет: freepik.com

Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңгеден астам залалды өндірді.

ҚР Энергетика министрлігі мен оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы өңіраралық мемлекеттік инспекциялары мұнай-газ саласындағы заң талаптарының орындалуын қадағалауды жалғастыруда.

2025 жылдың алғашқы 9 айында көмірсутек секторында 100 тексеру жүргізілді: 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бақылауы және 37 рұқсаттық тексеру.

Нәтижесінде 18 заңбұзушылық түзетіліп, 110 млн теңге көлемінде 80 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қосымша 4 млн теңге айыппұл және 2,4 млрд теңге залал өндірісі бойынша материалдар қаралуда.

Министрлік жер қойнауын тиімді пайдалану мен саладағы тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыра береді.

30 қыркүйек, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.