Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Велосипедтің шынжырына саусағын қысып алған балаға құтқарушылар көмектесті

263 рет қаралды

ТЖМ құтқарушылары Атырау қаласында абайсызда саусағын велосипедтің шынжырына қысып алып, оны өздігінен шығара алмай қалған үш жасар балаға көмек көрсетіп, саусағын босатты.

С.Қаженбаев көшесінде болған оқиға туралы 112 қызметінің пультіне хабарлама келген.  

Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетті. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдалана отырып, баланың саусағын мұқият шығарып алды. 

ТЖМ қызметкерлерінің сауатты және жылдам әрекеттерінің арқасында бала аман-есен, оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

30 қыркүйек, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.