Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда баланы алдап ертіп кетпек болған адам ұсталды

368 рет қаралды

Бұл жағдай 29 қыркүйек күні кеште Нұрсая ақшамауданында болған.

Белгісіз еркек сегіз жасар қызды ертіп кетпек болған, алайда сезіктеніп қалған көщедегі өтіп бара жатқан адамдар дер кезінде  араласып, баланы алып қалып, полицияға хабарлаған. Әрекетінің нәтижесіз екенін түсінген еркек қашып кетуге әрекеттенді, бірақ сол жердің тұрғындарының бірі оны қуып жетіп, бет-әлпетін видеоға түсіріп алды. 

Атырау облысының полиция департаменті күдікті ретінде 1987 жылы туған азаматты анықтап, ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

30 қыркүйек, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.