Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысының прокуроры ауысты

1 193 рет қаралды
Сурет: sotreport.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Сондай-ақ, Президентпен келісім бойынша Бас прокурордың бұйрықтарымен бірқатар аймақтық прокурорлар тағайындалды:

* Батыс Қазақстан облысының прокуроры – әділет саласының аға кеңесшісі Нұрбек Ұласбекұлы;
* Маңғыстау облысының прокуроры – әділет саласының аға кеңесшісі Серікқали Жанбысұлы Кушалиев;
* Атырау облысының прокуроры – Мадияр Бекенұлы Басшыбаев;
* Жамбыл облысының прокуроры – Берік Рақатұлы Әбілов;
* Жетісу облысының прокуроры – Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов;
* Қостанай облысының прокуроры – Марат Исламханұлы Сексембаев;
* Павлодар облысының прокуроры – Алмат Мұратұлы Байшолақов;
* Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов.

Мадияр Басшыбаев 1979 жылы 27 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасында прокурор қызметінен бастаған. Әр жылдары Ақтөбе облысы мен Алматы қаласының прокуратураларында әртүрлі бөлімдерді басқарған, Медеу, Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының аппаратының басшысы, Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылғы шілдеден бастап Жетісу облысының прокуроры болып қызмет атқарған.

29 қыркүйек, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.