
«Ақ Жайыққа» белгілі болғандай, Атырау мен Жетісу облыстарының прокурорлары лауазымдарын алмастырады.
Дереккөздің мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасын бұдан былай Мадияр Бекенұлы Басшыбаев басқаратын болды. Ол бұған дейін Жетісу облысының прокуратурасын басқарған және 20 жылдан астам уақыт прокуратура органдарында қызмет атқарған тәжірибелі заңгер. Басшыбаев еңбек жолын Ақтөбе облысында бастап, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында да қызмет атқарған, бірнеше жетекші лауазымдарда жұмыс істеген.
Ал 2022 жылдың шілдесінен бері осы лауазымды атқарған Атырау облысының прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Талдықорғанға ауысып, Жетісу облысының прокуроры ретінде тағайындалады.
- Бұйрық шықты. Қазақстан бойынша ротация жүргізіліп жатыр», – деді дереккөз.
Сондай-ақ, бірқатар өңірде кадрлық өзгерістер орын алмақ. Жаңа басшылардың Атырау мен Жетісу облыстарында ертең ресми таныстырылады деп күтілуде.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай ротация тек кадрлық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар прокуратура органдарының жұмысын жаңарту тәсілі болып саналады. Атырау өңірі стратегиялық экономикалық нысандарға бай және әлеуметтік белсенділігі жоғары болғандықтан, жаңа прокурордың келуі заңдылықты қадағалауды күшейту мен халықпен тиімді өзара әрекеттің белгісі ретінде бағалануда.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3