Атырау, 8 қазан 18:13
 дождьВ Атырау +23.5
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24

Атырауда Еңбек күніне арналған жәрмеңкеде 700-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды

Сурет
894 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырауда «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында Еңбек күніне арналған көрме-жәрмеңке өтті. Шараға мемлекеттік грант және пайыздық жеңілдікпен несие алып, өз кәсібін бастаған кәсіпкерлер қатысты.

Көрмеде тігін өнімдері, қыз жасауы, мамандарға арналған арнайы киімдер, ет, сүт, нан өнімдері, сондай-ақ қолөнер бұйымдары мен естелік заттар қойылды.

Іс-шара барысында 56 жұмыс беруші 700-ден астам бос жұмыс орнын ұсынса, қала мен аудандардан келген 50-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін көрмеге қойып, келушілермен таныстырды.


29 қыркүйек 2025, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.