Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Теңіз қалашығында заңсыз мұнай өнімдерін сатумен айналысқан топ ұсталды

324 рет қаралды
Видеодан скриншот

Жылыой аудандық полиция бөлімінің Теңіз полиция бөлімшесінің қызметкерлері кезекшілік кезінде заңсыз жанармай құю дерегін анықтады.

Оқиға 2025 жылдың 24 қыркүйегінде, шамамен сағат 22:00-де тіркелген. Полицейлер қызмет барысында КамАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушілерінің бірігіп дизель отынын заңсыз сату және тасымалдау фактісін әшкереледі. Тексеру кезінде шамамен бір тоннаға жуық жанар-жағармай айғақты зат ретінде тәркіленді.

Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.

Жылыой аудандық полиция бөлімі вахталық қалашықтағы жұмысшылар мен тұрғындарды заңсыз мұнай өнімдерінің айналымымен айналыспауға шақырады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін қатаң заңдық жауапкершілік көзделген.

Теңіз полиция бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Бақытжан Абилов бұл бағыттағы жұмыстарды ерекше бақылауға алып, тексерулерді күшейтуді тапсырды.

29 қыркүйек, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.