
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, жоғарғы мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлттық ұланның №6656 әскери бөлімшесіне барып, сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында жоғарғы мүфти Отан үшін қызмет етудің азаматтық борыш екенін атап өтіп, елдің қорғанында тұрған жас жауынгерлерге кеңестер берді.
– «Шекара мен Отан күзетінде бір күн мен бір түн өткізу — бір айлық ерікті ораза мен түнгі намаздан артық», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы, сарбаздарға туған жерге деген сүйіспеншілікті сақтауға және елдің тәуелсіздігін бағалауға шақырды.
Ол сонымен қатар жас ұрпаққа аманат етілген еркіндіктің құндылығын терең түсіну әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық ұлан сарбаздары жоғарғы мүфтиге ризашылығын білдіріп, Отанына адал қызмет етуге ант берді.
Кездесу соңында мүфти сарбаздарға батасын беріп, елге қызмет ету жолында табыс тіледі.
В Атырау +3