
ҚР Энергетика министрлігі Қызылорда облысындағы Қайыркелді кен орнында газ жобасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлайды. Жобаның операторы Энергетика министрлігінің бастамасымен және ұлттық компаниялардың қатысуымен «KAZPETROL GROUP» ЖШС болып табылады.
Бірінші кезеңде газ өндіру жылына шамамен 8 млн м3 құрайды, кейіннен көлемі жылына 24 млн м3 дейін ұлғаяды деп күтілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде 70 мыңға дейін адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шикізатты өңдеу «Қазгермұнай» БК ЖШС қуаттылығында жүзеге асырылады және одан әрі «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға жеткізіледі.
Қайыркелді кен орнынан шыққан газ энергетика министрлігі бекіткен «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен бірлесіп келіскен жаңа ынталандырушы формула бойынша сатылатын болады, бұл өндіру мен өңдеудің экономикалық орындылығын қамтамасыз етеді. Жобаны іске қосу жаңа жұмыс орындарын құруға, Қызылорда облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және ел халқын сенімді және қолжетімді энергия ресурстарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
В Атырау +4