Атырау, 5 желтоқсан 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда киік еті сатыла бастады

296 рет қаралды

Атыраудағы Ескі базарда көпшілікке таңсық тауар — Орал даласынан әкелінген киік еті пайда болды.

Орал қаласынан келген сатушы Вячеслав екі тоннадай ет жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, сұраныс жоғары болып, бүгінде қолында бірнеше ғана киіктің тұтас еті қалыпты, қалғанын талап алып әкеткен.

– Халық жаппай алып жатыр: біреулер көтеріп алады, біреулер аз-аздан алады. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар. Барлық құжаттар мен сертификаттарымыз дұрыс. Әрбір киік етін ветеринар дәрігер тексереді, – дейді ол.

Вячеславтың айтуынша, киіктерді «зиянсыз әдіспен» аулайды. Жануарларды атпайды, арнайы тормен ұстап, кейін сояды. Сол себепті ет бүлінбей, сапасы жақсы сақталады екен.

Бағасы: көтерме саудада – келісі 2000 теңге, бөлшек саудада – 2200 теңге.

Сатушының сөзіне қарағанда, киік етіне қызығушылық танытқандар көп. Бірі бірінші рет дәмін көру үшін алса, енді бірі арнайы іздеп келіп, бірнеше келіден алады.

Дегенмен тұрғындардың бір бөлігі бұл саудаға күмәнмен қарайды. Олар киіктің Қызыл кітапқа енгенін еске салып, мұндай сатылымның заңдылығына күдіктенеді. Ал сатушы болса, барлығы заң аясында жүргізілетінін, еттің міндетті тексеруден өтетінін сенімді түрде айтып отыр.

Айгүл МАНСУРОВА 

Автор түсірген сурет

29 қыркүйек, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.