
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қаладағы спорт нысандарын аралау кезінде жаңа ескек есу базасының құрылысымен танысты.
№1 БЖСМ-нің балансындағы спорт нысаны 2005 жылы пайдалануға берілген еді. Қазір ол толықтай қайта жаңғыртылып жатыр. Бұрынғы бір қабатты эллинг орнына заманауи екі қабатты ғимарат салынуда.
Жоба аясында қайықтарға арналған қойма, ескек есуге қажетті заманауи тренажерлер, душ кабиналары, киім ауыстыру бөлмелері және қосалқы орындар қарастырылған. Бұл спортшыларға ауа райына қарамастан жыл бойы жаттығуға мүмкіндік береді.
Құрылыс мердігері – «Жалынды Құрылыс» ЖШС. Нысанды 2026 жылдың сәуірінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жоба іске асқаннан кейін мектептің қылқайық пен каноэде ескек есумен айналысатын 65 спортшысы халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындалуға мүмкіндік беретін толыққанды базада жаттығатын болады.
В Атырау +3