
Астанада және Ақтауда Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлем қарастырылған. Ал Атырау облысында мұндай қолдау барлық зейнеткерлерге берілмейді – тек мүгедектігі бар зейнеткерлер ғана алады.
Бұл жағдай өңір тұрғындарының сауалын туғызды.
Әкімдікте түсіндіргендей, біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы шешім жергілікті деңгейде қабылданып, жыл сайын бекітіледі. Биыл да, былтырғыдай, төлем тек мүгедектігі бар зейнеткерлерге ғана қарастырылған. Оларға қазан айында 7,5 АЕК (29 490 теңге) аударылады.
2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, облыста 71 956 зейнеткер тұрады. Ал 2023–2025 жылдары «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен 300 жалғызбасты қарт пен әлеуметтік осал азаматтар Атырау шипажайында сауықтырудан өтті.
Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі. Бұл дата БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен белгіленіп, Қазақстанның атаулы және естелік күндерінің ресми күнтізбесіне енгізілген.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +3