Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстандық тауарларға 22,1 млрд теңге: жер қойнауын пайдаланушылар ұзақ мерзімді келісімге отырды

530 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылары отандық өндірушілермен 22,1 млрд теңгеге ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуын міндеттеу жұмыстарын бастады.

Үш ірі оператор — ТШО, НКОК, ҚПО және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобынан бөлек, жылына 100 млн теңгеден астам сомаға тауар сатып алатын 60 жер қойнауын пайдаланушы іріктелді.

Оларға тауар сатып алу талдаулары жүргізіліп, қазақстандық өндірушілердің үлесін арттыру, ұзақ мерзімді келісімшарттардың маңызын түсіндіру және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда отандық компанияларға басымдық беру талаптары жеткізілді.

Қорытынды бойынша бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылар 36,5 млрд теңгеге 236 тауар позициясы бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасауды жоспарлап отыр (47 компания). 2025 жылдың алғашқы 9 айында 30 компания 105 тауар позициясы бойынша жалпы сомасы 22,1 млрд теңгеге келісімшарт жасады. Бұл бұрандалы сораптар, құбырлар, сорапты-компрессорлық құбырлар, сорап штангалары, фонтандау арматурасы, химиялық өнімдер, арнайы киім мен аяқ киім, қолғап, матрац, ауыз су, шүберек және т.б. өнімдерді қамтиды.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, жеке жер қойнауын пайдаланушылар Энергетика министрлігінің үйлестіруі мен қолдауы арқасында отандық зауыттармен ұзақ мерзімді келісімшарттар көлемін едәуір арттырды. Бұл жұмыс келесі жылдары да жалғасады.

26 қыркүйек, 18:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.