
Атыраудағы «Асыл ана» ЖШС 2010 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, үй жағдайында бәліш пісіруден бастаған. 2022 жылы кәсіпорын «Даму» қорының қолдауымен қайта жаңғыртылып, 2023 жылы жаңа цехын іске қосты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінде наубайханада 135 адам жұмыс істейді. Күн сайын 160-тан астам түрлі өнімнің жалпы көлемі 25-30 тоннаға жетеді. Өнімдер қала ішіне 8 автокөлік, қала сыртына 2 автокөлік арқылы жеткізіледі. Сонымен қатар наубайхананың қала ішінде 6 сауда дүңгіршегі бар.
«Алғашқы жарты жыл қиындықтармен өтті: жұмысшылардың жалақысы несие есебінен төленді, дайын өнімді өткізу де қиын болды. Нан сапасын көтеру үшін Ресейдің Мәскеу және Самара қалаларынан мамандар шақырылып, жергілікті технологтарға арнайы оқыту жүргізілді», – деді «Асыл ана» ЖШС директоры Бибігүл Ізбасова.
Соңғы айларда компания жартылай дайын өнім шығара бастады. Алдағы жоспар – шұжық өндірісін қолға алу.
В Атырау +3 








