Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Volkswagen Германияда өндірісті қысқартады

536 рет қаралды
© РИА Новости / Михаил Фомичев

Немістің ірі автоконцерні Volkswagen қазан айынан бастап Германиядағы бірнеше зауытында өндіріс көлемін азайтады. Компания шешімі электромобильдерге сұраныстың төмендеуіне байланысты қабылданған, деп хабарлайды РИА Новости.

DPA агенттігінің хабарлауынша, 6 қазаннан бастап Цвиккау мен Дрездендегі зауыттар бір аптаға тоқтап, Эмденде де уақытша жабылу күндері енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар, Оснабрюк қаласындағы кәсіпорында жыл соңына дейін аптасына бір күн жұмыс тоқтатылып, қазан айында қосымша үзіліс болады.

Volkswagen концернінің әлем бойынша 115 зауыты бар. Қазір компанияда 667 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұған дейін басшылық 2030 жылға дейін 35 мыңға жуық жұмыс орнын қысқарту жоспарын айтқан еді, бірақ кәсіподақтармен келісім бойынша мәжбүрлі түрде жұмыстан босату болмайды.

26 қыркүйек, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.