
Атырауда республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіп жатыр.
Мәселен, 22 қыркүйек күні Балықшы мөлтек ауданында маркасы Ваз 2112 автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде оның төлемеген 19 айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Осы орайда тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керек екенін ескертеді.
Айта кетейік, Атырау қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
В Атырау +3