Атырау, 5 желтоқсан 16:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атыраудағы «Бірыңғай есеп беру күні»: кәсіпкерлер тексерудің көбейгеніне шағымданды

Сурет
564 рет қаралды

Атырауда «Бірыңғай есеп беру күніне» шамамен 300 кәсіпкер қатысты. Іс-шара кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, тексерулердің динамикасын талдауға арналды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің мәліметінше, 2025 жылы бизнеске қолдау көрсетуге облыстық бюджеттен 6 млрд теңге бөлінген. Қазір 23 инвестициялық жоба жүзеге асуда, оның 7-сі іске қосылып, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ал 2025-2029 жылдарға арналған өңірлік инвестициялық картада жалпы құны 7 трлн теңге болатын 47 жоба енгізілген.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Сүйінбаев тексерулердің артқанына алаңдаушылық білдірді. Биыл жоспардан тыс тексерулер 35%-ға, ал заңсыз тексерулер 5,5 есе көбейген.

Кәсіпкерлер өз проблемаларын да жеткізді. Индер ауданынан келген Асылбек Хасанов көкөніс сақтау қоймасын инженерлік желілерге қосу үшін қолдау сұрады. Ал Константин Щербаков жер телімін мәжбүрлі түрде алу әрекеттеріне шағымданды. Бұл мәселелерді шешу үшін облыс әкімінің орынбасары тиісті тапсырмалар берді.

Кездесу барысында полиция мен салық органдарының жұмысына қатысты сын айтылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар бизнес пен билік арасындағы тұрақты әрі ашық қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған.

26 қыркүйек, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.