Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ФБР-дың экс басшысы Джеймс Коми жалған куәлік берді деп айыпталды

348 рет қаралды

АҚШ-тың бұрынғы ФБР басшысы Джеймс Комиге Конгреске жалған куәлік беру және сотқа кедергі жасауға қатысты екі қылмыстық бап бойынша айып тағылды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Коми Трамптың сайлау штабы мүшелерінің Ресеймен ықтимал байланыстарын зерттеу кезінде ФБР-ды басқарған және ФБР тарихында қылмыстық айып тағылған алғашқы бұрынғы басшы атанды.

Айыптар 2020 жылы Комидің Сенаттың сот істері комитетіне берген куәлігімен байланысты. Сол кезде ол 2016 жылғы АҚШ сайлауларына Ресей ықпалы жайлы куәлік берген.

АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди: «Заңнан ешкім биік емес. Бұл айыптау билікті асыра пайдаланғандарды жауапқа тарту мақсатында жасалды» деп мәлімдеді.

Федералдық прокурор Линдси Халлиган Комиге 5 жылға дейін жаза алу қаупі барын хабарлады.

Коми өз Instagram парақшасында: «Сот процесін өткізейік. Мен өзімді кінәлі санамаймын.Құқық қорғау министрлігіне ренішім бар, бірақ федералдық сот жүйесіне сенемін», – деп мәлімдеді.

2017 жылы Трамп Комиді ФБР басшысы қызметінен босатқан, ал 2018 жылы оны «тұтқындалуы тиіс» деп сынаған.

Ричмонд университетінің заңгері Карл Тобиас бұл жағдайды қалыпты емес деп санайды: әдетте АҚШ Құқық қорғау министрлігі бір партияның нұсқауымен емес, Ақ үйге тәуелсіз әрекет етеді, ал ФБР басшысының мандаты 10 жылға белгіленген.

Тобиас: «Президенттің өз саяси қарсыластарына айып тағуды ашық жариялауы алаңдататыны белгілі. ФБР тек ауыр қылмыс жасалғанда ғана іс қозғайды» деді.

26 қыркүйек, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.