
Данияның Ольборг қаласында әуежай екінші күн қатарынан ұшу-қону операцияларын уақытша тоқтатты, деп хабарлады Коммерсантъ.
Себебі аспанда дрондар байқалған. FlightRadar24 сервисінің мәліметінше, бұл себеппен KL1289 рейсі Амстердамға қайтып оралып, ал SK1225 рейсі Копенгагеннен ұшпаған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, полиция әуежайдың әуе кеңістігін жергілікті уақыт бойынша бейсенбі күні 23:40-та дрондармен «күдікті іс-қимыл» салдарынан жауып, кейін 00:35-те қайта ашқан. Дегенмен, дронның нақты байқалғаны расталмады.
Айта кетейік, Ольборг әуежайы бұған дейін де, 25 қыркүйекте, аспанда дрондарды байқалғаны үшін жабылған болатын.
В Атырау +4