
Словения Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды persona non grata деп жариялады, яғни оған елге кіруге тыйым салынды, деп жазады АА.
Бұл туралы үкімет отырысында елдің Сыртқы істер және Еуропа істері министрлігінің мемлекеттік хатшысы Нева Грашич хабарлады.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Қоғам біледі, Нетаньяхуға қарсы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген айып бойынша сот ісі жүріп жатыр», – деп жазды.
Грашичтің айтуынша, осы шешім арқылы Словения үкіметі Израильге «халықаралық соттардың шешімдері мен халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын құрметтеу керек» деген нақты белгі беріп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Словения Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирді және қаржы министрі Бецалель Смотричті де persona non grata деп жариялаған болатын.
В Атырау +4