
ҚР ТЖМ "Қазавиаспас" АҚ тікұшағының экипажы Атырау – Құрманғазы – Атырау бағыты бойынша санитарлық авиация желісімен рейсті орындады, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.
ЕС-033 тік ұшағының ұшу мақсаты шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет ететін 1952 ж.т. қарияны жедел жеткізу болды.
Ұшқыштардың кәсібилігі мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтті. Науқас әрі қарай ем алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.
В Атырау +2