Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда өртке қарсы қызметтің 30 жылдығына арналған жарыстар өтті

Сурет
467 рет қаралды

Атырауда Құтқарушылар күні қарсаңында және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында облыстық көпсайыс жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа барлық аудан мен екі қаладан барлығы 12 команда және 26 қызметкер қатысты.

Қатысушылар командалық және жеке есеп бойынша түрлі сынақтардан өтті. Олар жауынгерлік форманы кию, биіктігі 2 метр дуалдан өту, жерден итерілу, 36 килограм зілтемірді 10 рет көтеру, бүктелген 2 сорғыш жеңқұбырды 20 метр жерге апару, ауыр дөңгелектерді аунату, 40 метр жеңқұбырды сегіздік тәсілмен жинау, жеңіл автокөліктің шиналарын зілбал арқылы бір жерден екінші жерге жылжыту және жеңіл автокөлікті арқанмен 20 метрге сүйреу сияқты тапсырмаларды орындады.


Жарыстың соңында жеңімпаз командалар мен үздік өнер көрсеткен қатысушыларға қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар және медальдар табыс етілді. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен құтқарушыға «Үздік құтқарушы» белдігі берілді.

25 қыркүйек, 19:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.