Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда білім саласында сыбайластыққа қарсы мәдениет нығайтылуда

458 рет қаралды

Атырауда «Сыбайластыққа қарсы мәдениет: білім ұяларынан бастау алатын игі қадам» атты форум өтті. Оған мектеп басшылары, есепшілері және материалдық базаға жауапты мамандардан құралған шамамен 300 адам қатысқан деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Форумның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұрынғы қателіктерді қайталамау және заңға енгізілген жаңа өзгерістерді мамандарға түсіндіру. Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова сөзінде:

«Парақорлыққа қарсы күрес — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Адалдыққа тәрбиелеу балабақша мен мектептерден басталады», — деді.

Іс-шара барысында бірқатар спикерлер баяндама жасады. Олардың қатарында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің АОБ департамент басшысы Нұрлан Еркебаев, “АзияСервис” ЖШС маманы Әли Жапар, Тексеру комиссиясының мүшесі Жанат Дауылбаев, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Салтанат Төлепова, сондай-ақ “Білім-Инновация” қорының өкілі Самат Смақов бар.

Форум білім саласындағы мамандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға шақыруға және тәжірибе алмасуға арналған.

25 қыркүйек, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.