Атырау, 26 желтоқсан 01:18
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Атырауда жастардың реакциясын тексеру үшін әлеуметтік эксперимент өтті

428 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы өңірлік профилактика кеңесімен бірлесе отырып, Атыраудағы Жастар саябағында ерекше әлеуметтік тәжірибе ұйымдастырды. 

Полицейлер арнайы жуылатын бояумен есірткі жарнамасына ұқсас жалған жазбалар қалдырып, тұрғындардың реакциясын бақылады.

Эксперименттің негізгі мақсаты – адамдарды күдікті жағдайға бей-жай қарамауға үйрету және құқық қорғау органдарына хабарлау мәдениетін қалыптастыру. Тәжірибе көрсеткендей, жазуларға назар аударған тұрғындар мән-жайды сұрап, жақындағанымен, полицияға хабарламапты және әлеуметтік желілерде жарияламаған. Бұл тұрғындардың қырағылығын көрсетсе де, заңды арнаға бағыттау тәжірибесінің жеткіліксіз екенін көрсетті.

Жыл басынан бері Атырау облысы полициясы 75-тен астам граффити жазуларын жойып, 800-ге жуық интернет-ресурсты бұғаттаған. Алдағы уақытта осындай тәжірибелер тұрақты түрде өткізіліп, тұрғындардың хабар беру белсенділігін арттыруға бағытталмақ. Эксперименттен кейін саябақтағы барлық жазулар толық өшіріліп, аумақ бастапқы қалпына келтірілді.

25 қыркүйек, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.