
Қырғызстан Парламенті — Жогорку Кенеш VII шақырылым депутаттарының өзін-өзі тарату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды АКИpress.
Бұл бастама 32 депутаттан құралған топтың ұсынысымен көтерілді. Жалпы 89 тіркелген депутаттың 84-і бұл шешімді қолдап дауыс берді.
Алай округінен сайланған депутат Улан Примовтың айтуынша, бұл шешімге екі маңызды фактор әсер еткен:
- - Жаңа сайлау туралы заңның қабылдануы;
- - Парламент пен президент сайлауы арасындағы уақыттың тым қысқа болуы.
Конституцияға сәйкес, VII шақырылымның өкілеттік мерзімі 2026 жылдың қарашасында аяқталады, ал президент сайлауы 2027 жылдың қаңтарында өтеді. Екі ірі саяси науқанның қатар өтуі елдегі тұрақтылыққа кері әсер етуі мүмкін деген пікірді депутаттар алға тартты.
Өзін-өзі тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін, президент парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау жөнінде жарлыққа қол қоюы тиіс. Жаңа сайлау жүйесіне сәйкес, 30 округ бойынша әрқайсысынан 3 депутат (2 ер, 1 әйел) сайланады.
Конституцияға сәйкес, Жогорку Кенеш өзін-өзі тарату туралы шешімді депутаттардың кемінде үштен бірінің бастамасымен және екіден үшінің дауысымен қабылдай алады. Ал сайлау туралы заңға сай, кезектен тыс сайлау өзін-өзі тарату күнінен бастап 40–65 күн ішінде өтуі тиіс.
В Атырау +4