
Данияның Ольборг қаласындағы әуежайда белгісіз дрондар байқалғаннан кейін рейстер уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.
Елдің оңтүстігіндегі Эсбьерг, Сённерборг және Войенс қалаларындағы кіші әуежайлар да дрондар бар екенін хабарлады, бірақ жұмысын жалғастырды.
Полиция хабарлауынша, бірнеше дрон әуе кеңістігінде байқалған, бірақ нақты саны белгісіз. Кейбір рейстер басқа әуежайларға бағытталды, ал кейбірі тоқтатылды. Eurocontrol дерегінше, шектеулер таңғы 4:00-ге дейін күшінде болады.
Копенгаген және Осло әуежайлары да белгісіз дрондарға байланысты уақытша жабылған. Премьер-министр Метте Фредериксен бұл оқиғаны «Дания инфрақұрылымына жасалған ең ауыр шабуыл» деп атады. Ресейдің қатысы мүмкін екені айтылғанымен, Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарады.
НАТО елдері қауіптің артуына байланысты жоғары дайындықта, АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО аумағында ресейлік дрондар мен ұшақтарды атып тастау идеясын қолдады.
В Атырау +4