Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудағы перзентхана ғимараты мердігердің есебінен қайта боялып жатыр

345 рет қаралды

Атыраудағы облыстық перинаталдық орталықтың ғимараты енді қызғылт-сары түске боялып жатыр. Бұл шығынды мердігер компания өз мойнына алған. Бұған тұрғындардың сұр-қара қасбетті тым суық әрі көңілсіз деп сынға алуы себеп болды.

2023 жылдың желтоқсанында «АзаматҚұрылыс» ЖШС нысанға 966 млн 579 мың теңге көлемінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Бұл 1991 жылдан бергі алғашқы толық жаңарту еді: ішкі бөлмелер, инженерлік желілер, хирургиялық блок түгел жөнделіп, заманауи құрал-жабдықтар орнатылды.

Алайда тек қасбеттің түсі қала тұрғындарының көңілінен шықпаған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиевтің айтуынша, ғимаратты қайта бояу жұмыстарын мердігер компания өз есебінен жүргізуде. Жаңа түсті таңдауға Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының дизайнерлері тартылған. Олар орталықтың сәулетіне әрі қызметіне сәйкес келетін қызғылт-сары, сары және ақ түстерді тегін ұсынған.

Жөндеу жұмыстары бір ай ішінде аяқталмақ.

Айнұр САПАРОВА

25 қыркүйек, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.