
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК-нің хабарлауынша, 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін магистральдық су құбырының (Д-630 мм) С.Бейбарыс даңғылы – Г.Абдрахманов көшесі аралығындағы учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты аталған уақытта бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға су беру тоқтатылады. Атап айтқанда:
- С.Бейбарыс даңғылы бойындағы №17, 19, 19-а, 21, 21-а, 25 үйлері;
- СМП-163 ауданындағы №3, 5, 7, 9, 11, 5Б блок 1, 2 үйлері;
- СМП-163 ауданындағы №7 «Күншуақ» балабақшасы;
- А.Байтұрсынов атындағы №23 орта мектеп;
- Күйші Ықылас, Ә.Бөкейханов, Хиуаз Доспанова, Жасталап, С.Имашев, Қабыланбай батыр, Индербор, Лысенко, К.Тимирязев көшелеріндегі тұрғын үйлер;
- 1, 2, 3-ші даңғылдардағы тұрғын үйлер.
Сонымен қатар, қала маңы мен кейбір ауылдық елді мекендерде су қысымы уақытша төмендейді. Олардың қатарында:
- Химпоселке, Қара депо, 3-ші Қабдолов көшесі, Элеваторная көшесі, Оңтүстік өнеркәсіп аймағы, Пригородная, Атамбаев, Жалаңтөс батыр көшелері, УГ-157/1, УГ-157/9 Мирный кенті, Құрсай-1, 2 елді мекені, Сол жақ Төменгі Перетаска, Водников-1, 2, 3 ауылдары, Ширина, Ақжайық (Холодильник), Көкарна-1, 2, Тасқала-1, 2, Тасқала-3, «Өрлеу», «Қайнар» шағынаудандары, КСМ, Химик, Мелиоратор, Теміржолшы, Кемежөндеуші, Өзенші, Балықшы, «Уралкаспрыбвод», Құрылысшы, Құрылысшы-П, Спектр, Сая саяжай қоғамдары, Зарослый, Жанаталап-1, 2, Қызылбалық-1, 2 ауылдары және Атырау ауылы бар.
В Атырау +2