Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп шетелдік жоғары білікті жұмыс күшіне визалық шектеу енгізді

349 рет қаралды

Дональд Трамп АҚШ-тағы жоғары білікті шетелдік жұмысшылар үшін H-1B визаларына шектеу қойды, деп хабарлайды BBC News Русская служба. 

Бұл виза 30 жылдан астам уақыт бойы технологиялық компанияларға кадр тартуға мүмкіндік беретін бағдарлама болып саналады. Президенттің айтуынша, шетелдік жұмысшылар американдықтарға мансап жолында бәсекелестік жасайды, бірақ сарапшылар американдық компанияларда жеткілікті кадр бар ма деген сұраққа күмәнмен қарайды. 

Мысалы, Рохан Мехта, баңдарламашы, АҚШ-та 11 жыл тұрған Үндістан азаматы, әкесінің еске алу рәсіміне қатысқаннан кейін елге қайта оралу үшін 8 мың доллардан астам төлеп, шұғыл билет алған. Ол – H-1B визасы бойынша АҚШ-та жұмыс істейтін 1,5 миллион шетелдік маманның бірі.

Жаңа ережеге сәйкес, H-1B визасының жылдық төлемі 50 есеге өсіп, 100 мың долларға жетті. Трамп компанияларға «осы адам үшін 100 мың доллар төлейсіз бе, әлде американдықты жұмысқа аласыз ба?» деп таңдау қалдырды. Сонымен қатар, бұл төлем әр адамнан 6 жыл бойы жыл сайын алынатыны хабарланды.

Amazon сияқты ірі компаниялар шұғыл түрде H-1B визасымен жұмыс істейтін қызметкерлерін АҚШ-та қалуға шақырды. Көптеген шетелдік мамандар елге қайта оралуға асықты.

H-1B визасы 1990 жылы енгізілген және жылына 85 мыңға дейін визаны қамтиды. Соңғы жылдары сұраныс төмендеді: 2025 жылға 359 мың өтініш берілген, бұл соңғы төрт жылдағы ең төмен көрсеткіш.

H-1B визасының иелері негізінен Amazon, Microsoft, Google, Apple, Meta және Tata сияқты компанияларда технологиялық секторда жұмыс істейді. Үндістан азаматтары 70%-бен көш бастап тұр, содан кейін Қытай, Филиппиндер, Канада және Оңтүстік Корея келеді.

Шетелдік жоғары білікті мамандар АҚШ экономикасына миллиардтаған салық төлейді, бірақ Medicare сияқты кейбір әлеуметтік бағдарламалардан пайдалана алмайды.

Жаңа визалық ереже әсіресе стартаптар мен шағын кәсіпорындарға ауыр тиюі мүмкін. H-1B визасының құнының өсуі көптеген компанияларға шетелдік қызметкер тартуды қымбаттатуда. Ал үндістандық Рохан Мехта өз визасын сақтау мүмкіндігінен сенімсіз, ал отбасы мен мансап мәселелерін қайта қарастыруға мәжбүр.

Мұндай шаралар АҚШ-тағы еңбек нарығына, технологиялық секторға және университеттерге айтарлықтай әсер етуі мүмкін, өйткені шетелдік студенттер мен мамандардың ағымы азаяды.

24 қыркүйек, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.