
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін келген ирандық дипломаттарға АҚШ енгізген шектеулерді сынға алды, деп хабарлайды АА.
Багаи әлеуметтік желіде жарияланған хабарламасында американдық әкімшіліктің ирандық дипломаттар мен олардың отбасыларына қойған шектеулерінің негізгі мақсаты – Иранның БҰҰ-дағы дипломатиялық қызметіне кедергі жасау екенін атап көрсетті.
АҚШ әрекеттерін «жүйелі қысым» деп атаған министрлік өкілі бұл шектеулердің ирандық дипломаттардың Нью-Йорктегі түрлі іс-шараларға қатысуына кедергі келтіретінін айтты.
«Дипломаттарымыздың тіпті дүкенге баруына дейін қозғалысын шектеу АҚШ-тың БҰҰ Бас штабы туралы келісімдегі міндеттемелерін ашық бұзу ғана емес, сонымен қатар американдық әкімшіліктің ирандықтарға деген қастандығын көрсетеді», – деді Багаи.
Ал бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пиготт ирандық дипломаттар «тек БҰҰ Бас штабында өз ресми міндеттерін орындау үшін қажетті аумақпен шектелетінін» хабарлаған еді.
В Атырау +4