
Атыраудағы аулалардың бірінде бала соққыға жығылған.
Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
«Бақылау камералары тексеріліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Жәбірленуші бала жеңіл жарақат алған. Оған психолог көмегі көрсетілуде», – деп хабарлады Атырау облыстық ПД.
Тергеу әзірге басқа мәліметтерді жарияламады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +2