Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Палестина еуропалық бес​ елдің шешіміне ризашылық білдірді

308 рет қаралды

Палестина Сыртқы істер министрлігі Бельгия, Люксембург, Мальта, Монако және Андорраның Палестина мемлекетін ресми түрде тану туралы шешімін жоғары бағалады, деп хабарлайды АА.

Ведомство бұл қадамды екі мемлекет негізіндегі бейбіт шешімді қолдау деп атап, оны халықаралық құқық пен БҰҰ қарарларына сәйкес келетін «батыл шешім» деп атады.

«Палестинаны тану – халқымыздың заңды құқықтарын мойындау әрі бейбітшілік пен тұрақтылыққа жол ашу», – делінген мәлімдемеде.

Палестина сонымен бірге АҚШ-ты қоса алғанда, әлі ресми түрде мойындамаған елдерді осындай шешім қабылдауға шақырды.

Министрлік бұл қадам әділетсіздікті жоюға, палестиналықтардың өзін-өзі айқындау құқығын қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенім білдірді.

23 қыркүйек, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.