
Америкалық комик Джимми Киммелдің Disney корпорациясына тиесілі ABC телеарнасындағы шоуы тоқтатылған еді. Себеп – оның консервативті белсенді Чарли Кирктің қазасы туралы айтқан пікірлері. Қазір Disney шоуды қайта бастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC News Русская служба хабарлады.
Киммел эфирден шеттетілген кезде монологында: «MAGA бандиттері Чарли Киркті өлтірген адамды өздері емес, мүлде басқа біреулер жасағандай көрсетуге тырысып жатыр» деп мәлімдеген және осы оқиғадан саяси ұпай шығаруға әрекет жасауда деп айтқан. Ол сондай-ақ Дональд Трамптың мемлекеттің барлық мекемелерінде ту түсіру арқылы қайғыру шешімін сынап, Трампты мазақтаған.
Көптеген америкалық комедиялық шоулардың жүргізушілері Киммелді қолдап, оның шеттетілуін цензура және сөз еркіндігіне қысым деп атаған. Нью-Йорк пен Калифорнияда Disney кеңселерінің алдында, сондай-ақ Киммелдің шоуы жазылатын Голливуд театрында наразылық акциялары өткен.
400-ден астам музыканттар мен актерлер, оның ішінде Селена Гомес, Оливия Родриго және Дженнифер Энистон, Киммелді қолдаған ашық хатқа қол қойған.
Disney корпорациясы соңында шоуды қайта бастау туралы шешім қабылдады. «Біз бұл шешімді кейбір пікірлерді уақытсыз және ұятсыз деп бағалағандықтан қабылдадық. Соңғы күндері Джиммимен мұқият әңгімелестік, және осы әңгімелерден кейін шоуны сейсенбі күні қайта бастауға шешім қабылдадық», – делінген Disney компаниясының, ABC телеарнасы тиесілі корпорацияның хабарламасында.
В Атырау +4