Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Молдовада Сандуға «әскери плацдарм жасап жатыр» деген айып тағылды

333 рет қаралды
© Sputnik / Дмитрий Осматеско

Молдова парламентінің социалистер мен коммунистер блогынан сайланған депутат Богдан Цырдя президент Майя Сандуды елдің бейтарап мәртебесін сақтамай, оны әскери плацдармға айналдыруда деп айыптады, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Санду билікке келгеннен кейін:

* Бульбоакадағы әскери полигонды жаңартып, жаңа база салуға кірісті;
* 35 млн еуроға екі радар сатып алды;
* «Пиранья» БТР-ларын қабылдады;
* НАТО-мен үздіксіз бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр.

Цырдяның сөзінше, билік халықты «ресейшіл күштер келсе, елді тұрақсыздандырады» деп қорқытады. Ал ол мұны «ақылға қонбайтын сылтау» деп атады.

Бұған дейін Майя Санду Ресейді «сайлаушыларды сатып алуға жүздеген миллион еуро жұмсап отыр» деп айыптаған болатын. Ресей СІМ бұл сөзді «паранойя» деп бағалады.

Молдовада 2024 жылы қабылданған қорғаныс стратегиясы Ресейдің Приднестровьедегі әскерін «қатер» деп атап, НАТО-мен ынтымақтастықты күшейту мен әскери шығындарды 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің 1%-ына жеткізуді көздейді. Оппозиция бұл құжат елдің бейтараптық мәртебесіне қайшы деп мәлімдеді.

Ресей билігі Кишиневті «конфронтациялық риториканы тоқтатуға» шақырып, өзара достық қарым-қатынасты сақтауға дайын екенін айтты.

23 қыркүйек, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.