Атырау, 9 сәуір 08:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.31
€ 555.54
₽ 6.05

Эрдоган Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталатынына сенбейді

276 рет қаралды
Сурет: Sputnik / Vladimir Smirnov / Pool / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоган Украинадағы соғыстың тез бітуіне күмәнмен қарайтынын айтты, деп хабарлайды Коммерсантъ

Fox News арнасына берген сұхбатында ол: «Бұл жақын арада болады деп сене қоймаймын», – деді. Дегенмен Эрдоган қақтығысты реттеуде делдал рөлінен бас тартпайтынын атап өтті.

Оның сөзінше, бұған дейін ол Ресей президенті Владимир Путинмен АҚШ президенті Дональд Трамппен Аляскада өткен келіссөздері туралы сөйлескен. Сондай-ақ Стамбулда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта бастау мүмкіндігі қарастырылған, мұны Владимир Путин де жоққа шығармаған.

Сұхбатында Эрдоган F-35 және F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізу мәселесін де Трамппен талқылауды жоспарлап отырғанын айтты. Оның Вашингтонға сапары 25 қыркүйекте өтеді деп күтілуде.

23 қыркүйек 2025, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.