
Атырауда Kaspi банктің күзетшісі ғимаратқа кірмек болған сарғылт мысықты дөрекі түрде қуып шыққан. Куәгерлер бұл сәтті суретке түсіріп, Threads желісіне жүктепті. Әлеуметтік желі қолданушылары күзетшінің әрекетін қатты сынға алды.
Жұртшылықтың наразылығынан кейін Kaspi-дің Атыраудағы филиалы ресми мәлімдеме жасады:
«Бөлімшеміздің алдында болған жағдай үшін шынайы өкініш білдіреміз. Біз де алаңдаушылықты бөлісеміз және жануарларға қамқорлықпен және құрметпен қарау керек деп санаймыз. Күзетшіге ескерту жасалды, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан былай мұндай жағдай қайталанбауы үшін қосымша шаралар аламыз. Бөлімше қызметкерлері мысықты алып кеткісі келген, бірақ ол әзірге көрінген жоқ. Мысық қайта келсе, міндетті түрде оған қамқор болып, жаңа панажай табуға көмектесеміз», – делінген банктің жауабында.
Әрине, солай ғой.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +2