Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда мас күйде көлік тізгіндеген 12 жүргізуші ұсталды

497 рет қаралды

Атырауда жол-көлік оқиғалары жиілеп, салдарынан азаматтар қаза тауып, әртүрлі дене жарақатын алып жатыр. 

Оның басты себептері – жылдамдық режимін сақтамау, мас күйде көлік басқару, маневр жасау ережелерін бұзу.

Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 12 жүргізушіні анықтады. 

"Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс-құжаттар мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды", - деп хабарлады полицияда.

Сот шешімімен жүргізушілер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Атырау облысының полициясы мас күйінде көлік жүргізу адам өліміне әкелетін ауыр қайғылы жағдайларға себеп болуы мүмкін екенін тағы да ескертеді.


22 қыркүйек, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.