
Әлеуметтік желілерде «ЛаваТранс» компаниясы II және III топтағы мүгедектерге тегін жол жүру қызметін тоқтатты» деген хабар тарады.
Әлеуметтік желідегі пост авторы жаңа автомобиль көлігі туралы заңда жеңілдіктерді жою көрсетілмегеніне сенімді екенін айтып, пайдаланушылар бұл наразылықты бір ауыздан қолдады.
Алайда облыс әкімдігінде бұл ақпаратты жоққа шығарды. Өңір әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев тасымалдаушыға жеңілдікпен әрі қарай тасымалдау тапсырылғаны және оны беру ешқашан тоқтатылмағанын хабарлады.
– Тасымалдаушы келісімге сәйкес жеңілдіктер беруді жалғастыруда, – деді Жұмағазиев.
Сондықтан әлеуметтік желідегі алаңдатушы хабар жалған ақпарат болып шықты.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +2