Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ТШО қызметкерлері Кұлсарыда 60 текше метр қоқыс жинады

620 рет қаралды

20 қыркүйекте «Теңізшевройл» компаниясы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы халықаралық «World Cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты. Игі шараға компанияның және мердігер ұйымдардың шамамен 200 қызметкері, сондай-ақ «ЖылыойТазалық» ЖШС өкілдері атсалысты.

Нұртас Кенғанов, ТШО компаниясының ӨО/ӨҚ және ҚОҚ бөлімінің бас менеджері : «Теңізшевройл әлеуметтік жауапкершілікті компания ретінде экологиялық бастамаларды үнемі қолдап келеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік те соның жарқын мысалы. Бүгін Атырау мен Теңгізден 150-ден астам әріптесіміз Кұлсарыға арнайы келіп, қаланың тазалығына үлес қосты. Бұл – біздің қызметкерлеріміздің отбасылары тұрып жатқан өңірге деген қамқорлығы», – деді ол.

Акция Камыскөл жағалауында өтті. Нәтижесінде 60 текше метрге жуық қоқыс жиналды – бұл 5 КамАЗ бен 4 «Газельге» тең. Жиналған қалдықтар «ЖылыойТазалық» мекемесіне тапсырылып, арнайы техникамен (жүк тиегіш, самосвал, газельдер) шығарылды.

Ерік Смайылов, мердігер компания өкілі: «ТШО-ның бүкіләлемдік тазалық күніне қосылғанын естіген сәтте бірден қатысуды жөн көрдім. Өзім осы Кұлсарыда туғанмын. Сондықтан туған қаламның тазалығына үлес қосу – мен үшін үлкен қуаныш», – деді ол.

«Теңізшевройл» өндірістік қызметінің экологиялық ізі мен қалдық көлемін азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі таңда Теңіз кенішінде өндірістік қалдықтардың 82 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылуда. Сондай-ақ пайдаланылған судың 49 пайызы тазартылады және қайта қолданылады.

22 қыркүйек, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.