Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда «Судоремонтник» стадионының газоны 253 млн теңгеге жаңартылады

467 рет қаралды

Атырауда «Атырау» футбол клубы жаттығу базасындағы «Судоремонтник» стадионында газон ауыстыру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 252,9 млн теңге бөлінген. Жұмысты «КаспийПрофСнаб» ЖШС жүргізіп жатыр, аяқталу мерзімі – 2025 жылғы қараша.

Стадион 2008 жылы ескі алаң орнына салынған заманауи нысан болып, бастапқыда шамамен 400 млн теңгеге бағаланған. Алайда 2017 жылы Кәсіпқой футбол лигасының инспекторлары газонның FIFA стандарттарына сай еместігін анықтап, бұл алаңда матч өткізуге тыйым салған.

Соңғы жылдары газонның жағдайы бапкерлер мен мамандар тарапынан сынға ұшыраған. Облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов атап өткендей, қазіргі жұмыстар қордаланған бүкіл мәселені шешпек: «Алаңды жөндеуге бюджеттен 252,9 млн теңге бөлінді. Газон толықтай заманауи технологиямен ауыстырылады, дренаж және суару жүйелері орнатылады. Нәтижесінде алаң Қазақстан футбол федерациясының стандарттарына сәйкес болады».

Сонымен қатар, «Мұнайшы» стадионын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. «Судоремонтник» алаңы жаңартылғаннан кейін ол қаладағы негізгі аренаны реконструкциялау кезінде уақытша алаң ретінде пайдаланылатын болады. Бұған қоса, билік «Аламан» базары маңында 12 мың көрерменге арналған жаңа заманауи стадион салуды жоспарлап отыр, бірақ бұл жоба әлі жүзеге асырылмаған.

Айта кетейік, газон соңғы рет 2019 жылы жаңартылған, сол кезде футбол алаңы UEFA стандарттарына сай болатыны хабарланған еді.

Айгүл МАНСУРОВА

Суреттерді түсірген автор

22 қыркүйек, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.