Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда шетел азаматтары мен жұмыс берушілер бақылауда

385 рет қаралды

Елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында 22–24 қыркүйек аралығында «Заңсыз келуші» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізіледі.

Шара барысында тәртіп сақшылары шетел азаматтарының өңірге келуін, олардың Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заң талаптарын сақтауын қадағалайды.

Ішкі істер органдарында уақытылы тіркелмеген немесе рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген заңсыз мигранттар анықталып, тиісті шаралар қолданылады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды, сондай-ақ шетел азаматтары жиі шоғырланатын орындарды тексереді. 

Айта кету керек, ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерге әкімшілік айыппұл немесе ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдануы мүмкін. Ал ереже жүйелі түрде заңнама бұзылған жағдайда, Қазақстанға қайта кіруге бірнеше жылға тыйым салынуы ықтимал. 

Сонымен қатар, заңсыз жұмыс күшін пайдаланып отырған жұмыс берушілерге де жауапкершілік қарастырылған.

22 қыркүйек, 13:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.