Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Батыс елдері Палестинаны мойындады – Израиль қарсы

381 рет қаралды

Канада, Австралия, Ұлыбритания және Португалия Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады. Бірінші болып Канада жариялап, кейін Австралия, Ұлыбритания және Португалия шешімін жариялады, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бейнеүндеуінде: «Иордан өзенінің батысында ешқандай Палестина мемлекеті құрылмайды», — деп жауап берді. Израиль сыртқы істер министрлігі бұл шешімді «ХАМАС-қа берілген марапат» деп атады.

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Палестин мемлекетін мойындауды «екі мемлекет негізіндегі бейбіт шешімге қол жеткізу үшін жасалған маңызды қадам» деп түсіндірді. Канада да Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт болашаққа серіктес болатынын мәлімдеді.

Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас және өкілдері мойындауды «палестин халқының құқықтарын тану» деп бағалады. ХАМАС та шешімді қолдап, мойындаған елдерді соғысты тоқтату мен Израильдің оккупацияланған жерлерде жаңа қоныстар салуын тоқтату үшін нақты қадамдар жасауға шақырды.

Қазіргі таңда Палестинаны БҰҰ-ның 193 мүшесінен шамамен үштен екісі мойындайды, бірақ халықаралық шекаралары, астанасы немесе армиясы жоқ, сондықтан мойындау көбінесе символикалық сипатқа ие.

22 қыркүйек, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.