Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БЖЗҚ ісі: премиум-классты автокөліктер тәркіленді

Бейнежазба
465 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырауда стоматологиялық клиникалар арқылы зейнетақы қаражатын шығару ісін тергеу ауқымы кеңейтіп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігі тергеу барысында тәркіленген көліктер көрсетілген жаңа видеоны жариялады.

Видеода Атырау облысының экономикалық тергеу департаментінің аумағында тұрған элиталық көліктер түсірілген. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу кезінде 15 көлік тәркіленді, олардың қатарында Mercedes-Benz G63, BMW XM 50e, BMW X7, Cadillac Escalade, BMW 7 Series, Mercedes-Benz GLS 450, Porsche Taycan, BMW X5, Toyota Land Cruiser 200, Lexus ES 300h және тағы басқа көліктер бар.

Тәркіленген автопарктың жалпы құны 600 миллион теңгеден асады.

Агенттік мүлікті, заңсыз кірістерден алынған болуы мүмкін активтерді іздеу жұмысы әлі жалғасып жатқанын хабарлады. Дегенмен, осы көліктердің нақты қайдан алынғанын сот анықтайды.

Осылайша, «БЖЗҚ» ісі тек стоматологиялық клиникалар мен ақша аударымдарымен шектелмей, қазір мүлік пен активтерді де қамтып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл мүліктер зейнетақы салымшыларының қаражатына сатып алынған болуы мүмкін. 

«АЖ» бұрын хабарлағандай, арнайы тергеу соты стоматологиялық емханалар арқылы қаражат ұрлау ісі бойынша бірнеше күдіктіні қамауға алуға санкция берген болатын.

Айгүл МАНСУРОВА

22 қыркүйек, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.