Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚазМұнайГаз және Lummus Technology Атырауда цифрлық құзырет орталығын ашады

354 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Нью-Йоркте Lummus Technology президенті Леон де Брюйнмен кездесіп, цифрлық құзырет орталығын құру жөнінде келісімге қол қойды.

Жаңа орталық Қазақстанға технологиялар трансферін қамтамасыз етуге және мұнай-газ химиясы өндірістерінде жұмыс істейтін кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Мұнда мамандар заманауи технологияларды үйреніп, біліктілігін арттырады, сондай-ақ өнеркәсіптегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Орталықты «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС басқарады.

Келісім екі компания арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Lummus Technology ҚМГ-ның бірқатар ірі жобалары үшін негізгі технологиялардың лицензиары болып табылады. Олардың қатарында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) зауыты мен «Полиэтилен» жобасы бар.

Тараптар цифрлық құзырет орталығы өндірістерді тиімді пайдалануға ғана емес, мұнай-газ химиясы саласының болашақ жобалары үшін кадрлық резерв қалыптастыруға да көмектесетінін атап өтті.

Анықтама:
Lummus Technology LLC — америкалық компания, мұнай өңдеу мен мұнай химиясына арналған технологияларды лицензиялау саласында әлемдік көшбасшы. Ол ҚМГ-ның стратегиялық жобаларына негізгі технологияларды ұсынады және Атырауда цифрлық құзырет орталығын құруда ҚМГ-ның серіктесі болып табылады.

22 қыркүйек, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.