Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда және 9 өңірде гидросәулет нысандарын мемлекет бақылауына алатын арнайы операторлар құрылады

362 рет қаралды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен облыс әкімдіктері коммуналдық гидротехникалық нысандарды арнайы пайдалану ұйымдарының балансына беру жөнінде «жол карталарын» бекітті.

Жоспар бойынша:

* 2025 жылдың соңына дейін – 120 нысан,
* 2026 жылы – 245 нысан,
* 2027 жылы – тағы 465 нысан қабылданады.

Сонымен бірге 1 937-ге жуық нысан коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтеді.

Қазірдің өзінде өңірлерде 16 арнайы ұйым құрылды (оның 10-ы 2024–2025 жылдары ашылған). Олардың балансына 872 нысан берілді, 283 техника бөлінді, 1 197 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 310 адам биыл еңбекке тартылды.

Вице-министр Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, жаңа ұйымдардың басты міндеті – гидросәулет нысандарын қауіпсіз пайдалану, уақтылы жөндеу жүргізу және олардың дұрыс күйде болуын қамтамасыз ету.

22 қыркүйек, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.