Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«QazaqGaz» Қашағандағы ГӨЗ құрылысын бақылауды күшейтті

322 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жаңа жобалар жөніндегі орынбасары Батыржан Тергеусізов Атырау облысындағы Қашаған кен орнында бой көтеріп жатқан газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылыс алаңында жұмыс барысын талқылау үшін жиын өткізді. Оған компания мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде мердігерлер құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы есеп беріп, жобаның негізгі межелеріне қол жеткізу жоспарын таныстырды. Батыржан Тергеусізов ресурстарды тиімді жұмылдырудың оң әсерін атап өтіп, жұмыстың қарқынын одан әрі күшейтуді тапсырды. Ол құрылысқа бақылауды қатаңдату, өндірістік процестерді оңтайландыру және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін, соның ішінде түнгі ауысымдардағы еңбекті ұйымдастыруға ерекше назар аудару керектігін айтты.

Анықтама:

* Құрылыс алаңында 1 902 маман еңбек етуде;
* Түнгі ауысымға – 165 жұмысшы бекітілген;
* 356 бірлік техника іске тартылған;
* Қауіпсіз еңбек жағдайлары күндіз де, түнде де басты назарда.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы:

* 8 000 м³ резервуар мен 2 000 м³ салқындату мұнарасының гидросынақтары аяқталды;
* Өрт сөндіру және сумен жабдықтау учаскесінде тік резервуарларды жинау жалғасуда (6 000 м³ резервуардың екеуі және 1 000 м³ екі резервуар гидросынақтан өтті); СПБТ қоймасында әрқайсысы 600 м³ болатын сфералық резервуарлар орнатылуда;
* НВК-1 бойынша 12 км-ден астам жерасты құбырларының гидросынағы аяқталды, ал НВК-2 бойынша құбыр тарту жұмыстары жүріп жатыр;
* Іргетас құю, металл конструкцияларды, технологиялық жабдықтар мен қызмет көрсету алаңдарын орнату, сондай-ақ РВС-5000, РВС-1000 үлгідегі болат резервуарлар мен 600 м³ цистерналарды жинау жұмыстары жүргізілуде;
* Металл конструкцияларын өртке қарсы бояу жұмыстары жасалуда;
* Сыртқы инженерлік желілер (НВК-2) құрылысы жалғасуда;
* Әкімшілік-тұрмыстық кешен аумағында GPCI вахталық лагері мен 132 және 140 орындық жатақханалардың шатырлары жабылды. Сонымен қатар кабельдік құбырлар тартылып, электр құралдары, датчиктер мен шкафтар орнатылуда, жылу трассасы дайындалуда, ішкі қалқалар орнатылуда.

Негізгі жұмыс бағыттары бойынша орындалу көрсеткіштері:

* Бетон іргетасы – 53 219 м³ (70,2%)
* Металл конструкциялары – 4 131 т (20,4%)
* Механикалық жабдық – 4 275 т (44,1%)
* Резервуарлар – 1 180 т (43,6%)
* Жерасты құбырлары – 20 101 м (43,7%)

«QazaqGaz» ҰК» АҚ құрылыс мерзімін сақтау мен сапа және қауіпсіздік стандарттарының толық орындалуын қамтамасыз ете отырып, жобаны жан-жақты бақылауды жалғастыруда.

22 қыркүйек, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.