Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сауд Арабиясы Йемен үкіметіне 368 млн доллар көмек береді

320 рет қаралды

Сауд Арабиясы Йемен Президенттік кеңесінің төрағасы Рашид әл-Алими басқаратын үкіметке шамамен 368 млн доллар көлемінде қаржылай көмек беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, бұл қаражат Йеменді дамыту және қалпына келтіру бағдарламасы шеңберінде бөлініп, елдің экономикалық дамуын қолдауға бағытталады. Жалпы көмек көлемі 1,38 млрд риялды (шамамен 368 млн доллар) құрайды.

Мәлімдемеде қаражат бөлу туралы шешім король Салман ибн Абдулазиздің нұсқауымен және тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның ұсынысымен, Йемендегі ауыр экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданғаны айтылды.

Бұл көмек президент әл-Алимидің өтініші бойынша беріліп отыр және Сауд Арабиясының Йемен үкіметіне көрсетіп отырған қолдауының бір бөлігі саналады. Қаражат денсаулық сақтау, мемлекеттік бюджет және мұнай саласына жұмсалмақ.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қыркүйегінен бері Йемен астанасы Сана мен бірнеше аймақты Иран қолдайтын хуситтер бақылауда ұстап отыр. 2015 жылдың наурызынан бастап Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен үкіметіне хуситтерге қарсы күресте көмек көрсетуде.

Йемен – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Он жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыс салдарынан елде гуманитарлық дағдарыс өршіп тұр. БҰҰ дерегінше, 30 миллион халқының 22 миллионнан астамы гуманитарлық көмек пен қорғауға мұқтаж. Таза ауыз судың тапшылығы, аштық пен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі тырысқақ сияқты індеттердің таралуына әкеліп отыр.

22 қыркүйек, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.