
2025 жылдың 17–19 қыркүйек күндері Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жедел жәрдем бригадалары арасында республикалық чемпионат өтті.
Бұл байқауға еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар және Ресей, Беларусь пен Әзірбайжаннан келген қонақтар да қатысты. Атырау облысының командасы құрамында директордың уақытша міндетін атқарушы Наргиз Әбдірахманова, медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың міндетін атқарушы Анар Әубәкір, сондай-ақ фельдшерлер – Мейрамгүл Құрмашева, Сұлтан Мендіғалиев және Тұрарбек Жақсымбетов болды.
Жарыс нәтижесінде атыраулық команда PHTLS бағдарламасы бойынша (жарақат алғандарға ауруханаға дейінгі көмек көрсету) бірінші орынды иеленді.
Анықтама: Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы биыл жарты жылда 178 мың 715 шақыртуға қызмет көрсетіп, табысты реанимация көрсеткіші 58,8%-ға дейін өсті. Қазіргі таңда облыс бойынша барлығы 50 жедел жәрдем бригадасы қызмет атқаруда: оның ішінде қалада – 30, аудандарда – 20, сондай-ақ емхана жанындағы 18 мобильді бригада бар.
Бұл жеңіс – дәрігерлердің кәсіби шеберлігін, бірлігін және өз ісіне берілгендігін дәлелдеді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Алма ҚАЛУСАРИЕВА
В Атырау +2