
Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Жандос Оразалиев NCOC басқарушы директорының орынбасары лауазымына тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Жандос 1979 жылы туған. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған, сондай-ақ Шотландиядағы Robert Gordon мұнайгаз университетінде магистратура оқыған.
Оның әртүрлі салаларда, соның ішінде мұнай-газ өнеркәсібінде 12 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар.
Әр жылдары Жандос «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының басқарма директоры, Алматы қаласындағы «Kazakh Invest» компаниясының өкілдігі басшысы, «Hydratight» және «Borkit Oiltech» компанияларының бас директоры қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап ол «Samruk-Kazyna Ondeu» компаниясында басқарма мүшесі және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып жұмыс істеді.
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор және басқарма мүшесі қызметін атқарып келеді. («Samruk-Kazyna Ondeu» компаниясы химиялық және мұнай-газ химия салаларындағы жобаларды дамытумен айналысады).
В Атырау +4