
Атыраудағы «109» бірыңғай байланыс орталығы биыл қыркүйек айына дейін шамамен 170 мың шағым қабылдады.
Өткен жылы орталыққа 230 мыңнан астам өтініш түскен болса, 2020 жылдан бері жалпы саны 2 миллионнан асып отыр. Қазіргі уақытта алғашқы қоңырауларға жауап беру деңгейі 83%-ды құрап, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 85%-ке жеткізу жоспарлануда.
Орталық тұрғындардың коммуналдық қызмет, жол, қоғамдық көлік, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштерін қабылдайды. Барлық өтініштер үш күн ішінде қаралады, ал күрделі мәселелерді шешуге 15 күнге дейін уақыт беріледі. «109» орталығына хабарласу тегін және бірнеше жолмен жүзеге асады: телефон нөмірі, Telegram-бот, KOMEK109 мобильді қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы.
В Атырау +2